[email protected]

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ

Алматы әкімі Австрияның ғылым, зерттеу және экономика вице-министрімен кездесті


21.09.2017

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Австрия Республикасының ғылым, зерттеу және экономика вице-министрі Бернадетте Гирлингер бастаған австриялық делегациямен кездесті. Кездесу барысында тараптар ғылым-білім және сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Алматы әкімі Австрия Еуропадағы мықты жаңашылдардың бірі екенін, қалпына келтірілген энергия көздерін пайдалану саласында озық технологияларды игергенін және тау шаңғысы туризмін дамытуда мол тәжірибе жинақтағанын атап өтті.

Өз кезегінде Б.Гирлингер австриялық бизнесмендердің «Алматы 2020» даму бағдарламасына, соның ішінде ТҮКШ модернизациялауға, көлік жүйесін реформалауға, ТҚҚ өңдеуге және туризмге қызығушылық танытқандарын жеткізді.

Жалпы, Алматыда сауда, медицина, қаржы, туризм саласында австриялық капиталмен 50 кәсіпорын жұмыс істейді. Биылғы жылы Алматы мен Австрия арасындағы тауар айналымында оң динамика байқалды, соның арқасында бірінші жартыжылдықта 25,5 млн. евроға қол жетті.






Возврат к списку