Управление туризма и внешних связей города Алматы

Алматыда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті


21.09.2017

Алматыда Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Айтулы шараға қала жұртшылығы, мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және басқалары қатысты.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Конституция мемлекеттің негізін нығайтқанын, экономикалық нарықты дамыту үшін барлық жағдайларды жасағанын, «орта таптың» пайда болуына ықпал еткенін, ең бастысы - Ата Заңымыздың арқасында көп этникалы, көп конфессионалды мемлекетімізде тұрақтылықтың салтанатын құрғанын атап өтті.

«Президентіміздің салиқалы саясаты арқасында еліміз тәуелсіздіктің барлық жылдары ішінде бірлікті ту етіп, азаматтық сәйкестік негізінде біртұтас ұлтты қалыптастырды. Өздеріңіз білесіздер, Елбасының Бес институционалды реформасын кеңінен талқылау барысында Конституцияға ауқымды өзгерістер енгізілді. Ал бұл Заңның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін жүйелі шаралар қабылдауға, азаматтарға негізделген мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға, мемлекеттік маңызды шешімдерді қабылдауға азаматтық қоғамның белсенді түрде қатысуына және тиімді бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Конституциялық реформа заңнамалық буынның орындаушыларға бақылауын күшейтті, атқарушы органдардың және саяси партиялардың жауапкершілігін арттырды. Реформаның түпкі мақсаты - қарапайым қазақстандықтардың өмірін түбегейлі жасқарту», - деп атап өтті Б.Байбек.


Алматы әкімі саяси және экономикалық қайта құрудың және Конституция әлеуетін тиімді пайдаланудың басты мақсаты- сананы жаңғырту екенін қадап тұрып айтты.Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі - саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық.Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі» деген болатын.

Өзінің сөзінде Бауыржан Байбек қысқа уақыттың ішінде Алматының қуатты қаржы орталығына айналғанын, бизнестің жедел дамығанын, ауқымды жұмыс орындарының ашылғанын, қала тұрғындарының тұрмыс жағдайларының жасқарғанын айтты. Осының барлығына Мемлекет басшысының 20 жыл бұрын бас қаланы Астанаға көшіру жөніндегі шешімі оң ықпал етті. Халықаралық тәжірибе мықты саяси орталық пен либералды қаланы үйлестіру алдыңғы қатарлы мемлкеттердің тұрақты дамуына әсер ететінін көрсетті. Мысалы, Вашингтон мен Нью-Йорк, Анкара мен Стамбул, Берлин мен Мюнхен.

«Қаржы және экономикалық магнит ретінде Алматы еліміздің саяси орталығы Астананы толықтыра түсуде. Астананы көшіру кезінде Елбасы «Алматы мемлекетіміздің ірі қаржы-экономикалық, ғылыми, әлеуметтік- мәдени орталығы болып қала береді және өзінің тартымдылық маңызын ешқашан жоймайды» деген болатын. Біз бүгін Елбасы шешімінің өміршеңдігін көріп отырмыз. Мысалы, Алматы еліміз экономикасының бестен бірін, салық және салықтық емес түсімнің үштен бірін беруде, барлық сауда операцияларының 40%-дан астамын, жұмыспен қамтудың 15%- ын қамтамасыз етуде», -деді Б.Байбек.

Алматы әкімінің айтуынша, тәуелсіздік жылдары қала аумағы 2 есеге өскен. Агломерацияны есепке алсақ, қала тұрғындарының саны 3 млн. адамға жетеғабыл. Мегаполис экономикасы 100 есе өсіп,шағын және орта бизнес қатары 130 есе артқан. Тұрғын үй қоры 2 есеге көбейіп, 43 млн. шаршы метрге жеткен. Көлік саны 10 есе өсті. Сол үшін соңғы он жыл ішінде 30 жо айрығы салынды. Көлік инфрақұрылымына 500 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды. 5 жыл бұрын Алматы метросы жұмыс істей бастады, мұндағы жолаушылар легі жыл сайын орташа 20%-ға артуда.

Қала басшысы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында ғана қалада 20 мыңнан астам жұмыс орны құрылғанын айтты.

«Елбасының тапсырмасы бойынша қабылданған мемлекеттік бағдарламалар аясында біз қалада жаңа тұрғын үйлер салудамыз, инфрақұрылым мен коммуникацияны жаңғыртудамыз, жаңа жұмыс орындарын ашудамыз. Мысалы, «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша 124 үй салу үшін 73 млрд. теңге бөлінді. Биылғы жылы 85 үйдің құрылысы аяқталады, оның 40%-ы қалаға қосылған Алатау ауданында. 5 мың жұмыс орны пайда болды. Жалпы, қолжетімді баспана көлемі қалада 6,5 есе артты. Биыл 3 мың отбасы пәтер алды, жыл аяғына дейін тағы да 3,2 мың отбасы жаңа қонысқа ие болады», - деді қала әкімі.

Ол «Нұрлы Жол» бағдрламасы бойынша 106 км инженерлік желі, мектептерге 2 жаңа корпус, 28 қолжетімді баспана салынғанын, соның арқасында 2,4 мың жұмыс орны ашылғанын жеткізді. Индустриалды –инновациялық даму аясында құны 36 млрд. теңге болатын 33 жоба іске асты. Жыл аяғына дейін тағы да қосымша құны 59 млрд. теңге болатын 22 жоба қолға алынып, 5 мың жұмыс орны ашылады.Бизнестің Жол картасы бойынша 687 жоба орындалып, 4 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.

Алматы қаласы үнемдеу және бюджет шығындарын оңтайландыру арқасында өзінің Дағдарысқа қарсы кешенді шарасын қабылдады.

Қалада шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында құны 12 млрд. теңге болатын «Жібек жолы»,«Алматы-өнім,-туризм,-инновация» қалалық бағдарламалары іске асуда. Қазірдің өзінде 1,2 млрд. теңге салық төленді. Қалаға ірі шетелдік инвесторлар тартылған, соның ішінде 7 трансұлттық компаниялар. Жеке құрылысқа қолдау көрсетілуде. Екі жыл ішінде Қалақұрылысы кеңесі 1 трлн. теңгеден асатын 82 жобаны бекітті. Оның 3 іске асты,120 млрд. теңгенің 23 жобасы қолға алынды, соның арқасында 6,5 мың жұмыс орны құрылады.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қазіргі кезде қала бюджетінің Алматыны 2020 жылға дейінгі дамыту Бағдарламасының мақсатты көрсеткіштері негізінде жасалатынын айтты.Негізгі принцип- түпкі нәтиже. Тиімсіз әрі қымбат жобаларды оңтайландыру арқасында қаржы көздері жұмыспен қамтуға жұмсалды. Биыл республикалық бюджет инвестициясын 25%-ға қысқарту арқылы жергілікті бюджет 1,5 есеге өсіп, 100 млрд.теңгеге жетті.

«Алматы-2020» Бағдарламасының бес тұжырымын әкімдік өзінің күнделікті жұмысында үнемі басшылыққа алып отырады. Ол біздің Конституциямыздың басты байлығы- адамға, оның өмірі мен қауіпсіздігіне, құқы мен бостандығына арналған. Мұнда конституциялық негізгі талаптар- есеп беру, ашықтықтық, ауқымды пікірталас орындалуда. Өздеріңіз білесіздер, біз биыл қаланы жаңғырту бойынша көлемді жұмыстарды бастадық. Мысалы, өткен жылмен салыстырғанда абаттандыруға 2,3 есе, жолға 1,3 есе, инженерлік желілерді жасауға 1,3 есе көп қаржы бөлінді. Егер өткен жылы 2 млрд. теңгеге 290 аула алаңдары жөнделсе, биыл 7,6 млрд. теңгеге 472 аула жөнделеді. Тұрғын үй қоры да жаңаруда. 254 үйді жөндеу үшін 2,9 млрд. теңге бөлінді», - деді Б.Байбек.

Бұлардан өзге қалада көшелер күрделі жөндеуден өтіп, 8 көше қайта жасалуда. Олар: Жібек Жолы, Панфилов, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен «Астана» алаңы, Байсеитов, Төлебаев көшелері, Есентай өзенінің жағалауы. Биыл білім беру саласының 28 объектісін сейсмикалық жағынан нығайту үшін 23 млрд. теңге бөлінді. Моренді көлдердің суын тарту жұмыстары жүруде, эвакуациялық каналдар ірі тастардан тазаруда. Бұл сырт көзге көрінбейтін, бірақ ТЖ қалалық қызметі жүргізіп жатқан ауқымды жұмыстар, соның арқасында қала тұрғындарының қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде. Ақсай және Аюсай шатқалдарында 2 плотина салу мәселесі Үкіметпен бірге қарастырылуда.




Возврат к списку