[email protected]

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ

Алматы әкімі Италияның экономикалық даму вице-министрімен кездесті


21.09.2017

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Италияның экономикалық даму вице-министрі Иван Скальфаротто бастаған итальяндық делегациямен кездесті. Кездесу барысында сауда – экономикалық байланыстарды нығайту мсәелелері сөз болды, нәтижесінде барынша тартымды жобаларды инвестициялау үшін шорт- парақ жасалатын болады.

Италияның экономикалық даму вице-министрі ТҚҚ қайта өңдеу, ТҮКШ жаңарту, құрылыс және «Смарт- сити» жобасы аясында атқарылатын түрлі бағдарламаларға итальяндық компаниялардың қызығушылық танытқандығын атап өтті.

Алматы әкімі өз кезегінде итальяндық компаниялардың машина жасау, энергия көздерін пайдалану, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне қажет қондырғылар шығару салаларында мол тәжірибелері бар екендігін, Алматыда жеке өндіріс орындарын ашу үшін шетелдік компанияларға «бір терезе» принципі бойынша қолдау көрсетілетінін айтты.

Кездесу барысында Бауыржан Байбек итальяндық компанияларды биылғы жылдың қазан айында өтетін «Almaty Invest» халықаралық форумына қатысуға шақырды.




Возврат к списку