[email protected]

  8(727)394-85-18

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

Алматы қаласы Туризм басқармасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


24.12.2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

«ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ»

Ұйымдастырушылар

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

George Washington University (GWU) USA, International Institute of Tourism Studies

Алматы қаласы әкімшілігі, Алматы қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы

Құрметті әріптестер!

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жаратылыстану және география институты «Қазақстан және Орталық Азияда туризмді дамытудың тенденциялары мен келешегі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Конференцияны өткізу күні: 14-15 наурыз 2019 ж.

16 наурыз – Алматы қаласы және қала маңына экскурсияға шығу

Мекен жайы: Қазақстан, Алматы қаласы, Достық даңғылы,13.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша.

 

Конференцияның мақсаты – Қазақстан және Орталық Азияда туризмді дамытудың үрдістері және келешегіне байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісу және тәжірибе алмасу.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары

1.      Қазақстан және Орталық Азиядағы туризм инфрақұрылымы:туристік қызмет көрсетуді жетілдіру мәселелері

2.      Қазақстан және Орталық Азиядағы этникалық және сакральды туризм

3.      Экологиялық туризм: даму жағдайы және келешегі

4.      Іскерлік және сауықтыру туризмі

5.      Жібек жолы: «шекарасыз туризм» идеясын дамыту

6.      Туристік білімді дамытудың басты бағыттары

 

Жұмыстың ұйымдастырылу формасы: пленарлық мәжіліс, секциялар мәжілісі, проблеманы талқылау

Конференцияның ашылуы сағат 10.00, 14 наурыз 2019 жыл. Қатысушыларды тіркеу сағат 9.00-де Достық даңғылы,13(2-қабат), Үлкен конференц-зал. Секцияның отырысы 14 наурыз күні сағат 14.00 – 17.00, 15 наурыз күні 10.00 – 13.00 аралығында. Қорытындылау, қарарлар қабылдау 15 наурыз күні сағат 14.00- 17.00.

Конференцияға қатысушылар: Қазақстан және Орталық Азия елдерінің зерттеушілері, туризм саласының өкілдері, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік құрылымдарының өкілдері.

Қатысушының анкетасын және баяндаманың тезисін біріктірілген файлға салып төменде көрсетілген конференцияның поштасына жіберіңіз: с

~ конференцияға қатысушының анкетасы (1 қосымша): Аты жөні - анкета doc;

~ баяндаманың мәтіні (2 қосымша): Аты жөні - баяндама doc;

~ Баяндаманың тезисі (5-бетке дейін) және өтініш 20 ақпанға дейін қабылданады.

Ұйымдастыру комитеті жинақ материалдарын конференцияға дейін баспадан шығаруды жоспарлауда

Ұйымдастыру жұмыстары және материалдарды басып шығару шығыны 4 мың теңге. Алыс және жақын шетелдерден келген қатысушылардың жұмыстары тегін басылып шығады.

Конференцияға қатысу ақысы төменде көрсетілген төлем шотына жіберіледі. «Для участия в работе конференции – Туризм в Казахстане и Центральной Азии» деген арнайы белгісі болсын. Конференцияға қатысатындығын растайтын төлемақы туралы деректі жеке файлға салып жіберіңіздер.

 

РНН 600900529562

БИН – 031240004969

ИИК – KZ178560000000086696

КБЕ 16

БИК – KCJBKZKX

Конференцияға қатысушылардың жол, тамақтану және тұрғын-жай ақысы жіберуші жақ есебінен.

 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН ЖАЙЫ:

050010, Қазақстан республикасы, Алматы қаласы, Достық даңғылы,13, Абай атындағы ҚазҰПУ.

 

~ Байланыс телефоны: 8(727) 291 83 83 еография, экология және туризм кафедрасы).

~ е-mail: с

 

Конференция туралы қосымша ақпаратты төмендегі дереккөздерден аласыңыздар:

сайт:http://www.kaznpu.kz

электронды пошта: с 

 

 

 

 

1 қосымша

 

«Қазақстан және Орталық Азияда туризмді дамытудың үрдістері мен келешегі»


 

Қатысушы анкетасы


Жеке ақпарат

Фамилиясы:

Аты:

Әкесінің аты:

Оқу бөлімінің/ұйымның атауы

Факультет/институт/ құрылымдық бөлімше

Кафедра:

Курс, білім деңгейі (бакалавриат, магистратура, докторантура, аспирантура) / лауазымы):

Ғылыми дәрежесі:

Қатысу формасы( баяндама жасау/ сырттай қатысамын):

Байланыс көздері

E-mail:

Әлеуметтік желі:

Телефон:

Баяндама туралы ақпарат

Баяндаманың атауы:

Секция/бағыты:

 

 

 

 

 

2 қосымша

 

Материалдарды рәсімдеу ережесі:

- жарияланатын жұмыс мұқият жөнделген болуы тиіс. Жариялау кезінде мақалаларды техникалық өңдеу қарастырылмайды. .

- Файл Microsoft Word 2007.

- Шрифт: гарнитура – «Times New Roman».

- Беттің көлемі - А4, парақтың бағыты – «кітап».

- Кегль – 14 (суреттер мен кестелерде –12-ден кем емес),-Жоларалық интервалы – 1,0. жол жиегі жоғары және төмен жағынан – 2 см, сол жақ – 3 см., оң жақ – 1,5 см.

- Азат жол: бірінші жол – шегініс 1,0 см, тегістеу – ені бойынша.

- Файлды автордың тегімен атаған дұрыс.

- Мақаланың бірінші азат жолында: ортасында, жартылай қарайтылған, бас әріптермен мақаланың толық атауы жазылады.

- Мақаланың екінші азат жолында: оң жақта, қарайтылған, курсив – толығымен автордың (авторлардың) ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы немесе лауазымы, тегі, аты-жөні (12 шрифт).

-            Мақаланың үшінші азат жолында: оң жағында, курсивпен қала, жұмыс орны (қысқартылған қабылданбайды) немесе жұмыс орындалған мекеменің толық атауы, қаласы жазылады (үлгісін төменнен қарау).

-            Мақаланың төртінші азат жолында: ортасында, курсивпен түйіндеме және кілт сөздер (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) (шрифт өлшемі – 12) жазылады.

-            Әдебиеттер тізімін автоматты түрде нөмірлеуге жол берілмейді. Мәтінінде тізімдерді нөмірлеу қолмен жасалады..

-                     Әдебиеттер тізімі (12 шрифт) мақаланың соңында, әдебиеттер колдану ретімен. Мәтінде сілтемелер тиісті тік жақшада рәсімделеді: реттік нөмірі көрсетіледі, әдебиеттер тізіміндегі реттік саны және беті көрсетіледі, мысалы [5]. Автоматтық сілтемелерді қолдануға болмайды.

- Беттерді нөмірлеуге болмайды.

- Мақала мәтіні (тезистер) мұқият өңделген және редакцияланған болуы тиіс. Мақалада келтірілген деректер, дәйексөздер, статистикалық және басқа да мәліметтердің мазмұны үшін жауапкершілік авторларға жүктеледі (рәсімдеу үлгісі төменде).

Мақаланы рәсімдеу үлгісі

 

АЙМАҚТЫҢ КИЕЛІ КЕҢІСТІГІН ЗЕРТТЕУ

 

 

Ивлева Н.В., п.ғ.к.,доцент.

Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ., Қазақстан

 

Түйіндеме (12 шрифт)

Мақала тіліне байланысты, егер қазақ тілінде болса, онда түйіндеме орыс және ағылшын тілдерінде, егер мақала орыс тілінде болса, онда түйіндеме, талаптарға сәйкес, қазақ және ағылшын тілдерінде болуы керек.

Түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме.

Кілт сөздер (үш тілде).

Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. [3,Б. 85]. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні . Баяндама мәтіні. (14 шрифт)

Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. (кесте 1). Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні.

 

Кестелер мен суреттердің номері мен атауы болуы керек. Кестеде жоғары жағына, ал суретте астыңғы жағына жазылады.

Үлгі: Кесте 1. Кестенің аты

 


Мәтін

Мәтін

Мәтін

Мәтін

Мәтін

Мәтін

Мәтін

Мәтін

Мәтін


 

Үлгі: Сурет 1. Шарын каньоны шатқалы.

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1. Попов В.И. Биология пәнін (6-11 сыныптар) оқыту үрдісінде экологиялық ұғымдарды қалыптастырудың оқу-әдістемелік жүйесі (жаңа буын оқулықтары тәжірибесі негізінде). // Вестник КазНУ им. Аль-Фараби (Серия биологическая). – №2/2(64)/. – Алматы, 2015. – С.544-552

 


Возврат к списку